The New York Times журналисі Клэр Томас Моңғол-Алтайдағы қазақ бүркітшілерінің қатысуымен фоторепортаж жасады.
Журналист Батыс Моңғолияға барып, елді мекендегі құсбегілермен кездесіп, оларды суретке түсірген.
“Менің мақсатым жануардың, атап айтқанда жылқы мен тіршілігі соған тәуелді жұрттың қарым-қатынасын зерттеу болды. Ол үшін мен Батыс Моңғолияға ұшып барып, қазақтың әйгілі аңшы, жылқышы, малшыларымен кездесіп, оларды суретке түсірдім”, — деп жазды Клэр Томас.
Фоторептің толық нұсқасын The New York Times сайтынан көругеболады. Материал “Әлем объектив көзімен” сериясы аясында шыққан.