Қазақтандық добырашылар дуэті Темірлан Олжабай және Ерқанат Наурыз Ұлыбританияда өтетін Golden Time Talent шоуына шақыру алды.
Жігіттер Қазақстан ұлттық өнер университетінде танысып, бірнеше жобада өнер көрсеткен. Мәселен, 2017 жылы Қытайда Димаш Құдайбергенмен бірге I am singer шоуына, одан бөлек Турция мен Изарильде өткен өнер шараларына қатысқан.
Golden Time Talent жобасының ұйымдастырушылары домбырашылар дуэтін Америкада өткен жобадан көріп, шақыру жіберген. Байқау талабын орындаған Темірлан мен Ерқанат бірінші кезеңнен сәтті өтті. Енді 23-27 мамыр аралығында Лос-Анджелесте өнер көрсетеді.
Байқау финалында домбырашылар Құрманғазы мен Нұрғиса Тілендиевтің, сондай-ақ, заманауи композиторлар шығармалары мен өз күйлерін попурри етіп ойнамақшы.