АRTиШОК театры танымал қазақстандық дизайнер Салтанат Баймұхамедовамен серіктестік орнатты. “Гамлет” қойылымындағы әртістер образын Salta бренді жасайтын болды. Бұл туралы театрдың Instagram парақшасында хабарланды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
“Бүгін “Гамлет” қойылымына жалпы дайындық басталады. Әртістеріміздің образын жасауда @salta.addict қазақстандық брендімен бірлесіп жұмыс істейміз. Осы алғашқы қойылыммен қатар ARTиШОК театры мен дизайнер Салтанат Баймұхамедованың керемет жаңа серіктестігі басталды”, — деп жазылған театр парақшасында.
“Гамлет” қойылымы 25, 26, 28 ақпан күндері сағат 19:00-де көрсетіледі. Билетті ticketon.kz сайтынан сатып алуға болады.
ARTиШОк театры туралы материалымызды оқи отырыңыз.