Америкалық Vogue-тың бас редакторы, Condé Nast баспа үйінің контент жөніндегі директоры Анна Винтур: «Маргарет Vogue China-ның бас редакторы болатынына өте қуаныштымын. Оның халықаралық тәжірибесі бар, әртүрлі диджитал-платформалармен жұмыс істей алады, қызығушылықтарының аясы кең — журналдың сауатты дамуына жауап беретін адамға қажет сипаттар осындай мінсіз болуы керек деп ойлаймын».
Чжанға дейін Vogue China бас редакторы Анжелика Чеуң еді. Анжелика культ журналдың Қытайда іске қосылған сәтінен бастап 16 жыл жетекшілік етіп, оның дамуына үлкен үлес қосты. Бірақ Маргареттің тағайындалғаны — жай ғана ұрпақтардың орын алмасуы емес, мұқият ойластырылған стратегиялық шешім.
Ол 16 жасында сән туралы блог бастап, үлкен аудитория жинады. Қазір арудың Instagram парақшасында миллионнан астам тіркелуші бар. Сонымен қатар, Чжан — Airbnb, YouTube, Moncler және Mulberry сияқты брендтермен жұмыс істейтін Background халықаралық кеңес беру агенттігінің негізін қалаушы.