Instagram
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам

BTS — MTV телешоуында өнер көрсеткен алғашқы кореялық топ. Coldplay-дің «Fix You» әніне кавер орындады

by Opa Media
26.02.2021
Reading Time: 1 min read
Фейсбукта бөлісуWhatsapp бөлісу

Оңтүстік кореялық BTS тобы MTV Unplugged жобасы аясында концерт берді. K-pop супер жұлдыздары өз хиттерін ғана емес, сондай-ақ Coldplay-дің «Fix You» (2005) сиңгліне кавер орындады. Видеосы MTV UK-дің YouTube арнасында жарияланды.

Композицияны орындамас бұрын, BTS вокалистерінің бірі Чимин бұл әннің олар үшін үлкен мәні барын айтып өтті. “Fix You” бізді қиын кезеңдерде жұбатты, сондықтан бұл туынды сіздерге де солай көмектеседі деген оймен каверін дайындадық», — деді ол көрермендерге.

Британиялық топ қатысушылары қойылымды тамашалап, кавер туралы пікір білдірді.

Coldplay Twitter-дегі парақшасына кәріс тілінде жазылған пост жариялады. Онда «Керемет, BTS!  Ізгі құрметпен, К.,Г., У. және Дж.» делінген.

아름다운 @bts_twt 🤍🤍🤍
Love c, g, w & j #BTSUnplugged https://t.co/XkHAwMi0sl

— Coldplay (@coldplay) February 24, 2021

«К., Г., У. және Дж.» — Coldplay музыканттары есіміндегі алғашқы әріптер: вокалист Крис Мартин, басист Гай Берримен, барабаншы Уилл Чемпион және гитарист Джонни Бакланд. Бұл пост топтың парақшасындағы ең көп лайк (400 мың) және ең көп репост (бір күнде 200 мың) жинаған жазбалардың бірі болды.

Одан бөлек, BTS концертте өзінің танымал тректері «Telepathy», «Blue & Grey»,  «Life goes on» мен «Be» альбомындағы «Dynamite» хитін орындады. 

Tags: BTSCodplayFix youK-popMTV unplugged

Opa.kz — мәдениет, өнер, сән, спорт, денсаулық, технология әлеміне қызығушылық танытатын оқырмандарға арналған медиа ресурс.

жарнама
Контактілер
Instagram Envelope
© 2020 "Syntax Media" ЖШС