Азаттық радиосының тілшісі Қазис Тоғызбаев 72 жасында қайтыс болды. 25 қаңтарда коронавирус анықталып, ауруханаға жатқызылған.
22 ақпанда журналистің жағдайы реттеліп үйіне шыққан болатын. Кешірек қайта нашарлап, ауруханаға жетізілген. Күні кеше дәрігерлер оның жүрегі тоқтап, өмірден озғанын хабарлады.
Тік мінезді, шыншыл, рухты Қазисты таныстары нағыз полковник деп атаған. Себебі де жоқ емес: журналистикаға Қорғаныс министрлігінен кеткен соң келген. Оқырман есінде өзекті тақырыптарға қалам тербеген маман ретінде қалады. Соның бір дәлелі 2011 жылы Жаңаөзенде болған оқиға жайлы дер кезінде жасаған репортажы.
Қазис Тоғызбаев жайлы естеліктер мен еңбектері туралы өзі жұмыс істеген “Азаттық радиосы” жазды.