Facebook Bars деп аталатын мобайл қолданба шығарды. Соның арқасында енді дайын биттер негізінде рэп-композиция жасауға болады. Дайын туындыны әлжелілерде жариялау үшін видеоға жазып алуға болады, деп хабарлайды TechCrunch.
Кәсіби биттерден бөлек, қолданбада аудио және визуал фильтрлер бар. Видеоны түсіру ұзақтығы 1 минуттан аспайды. Сондықтан, TechCrunch басылымы болжамынша, Bars Tiktok-тың жаңа бәсекелесі болуы мүмкін.
Қосымшаға тіркелу кезінде рэп орындаудағы тәжірибеңді көрсету талап етіледі. Жаңадан бастап жатқандарға Bars автоматты түрде дайын рифмалар ұсынады. Ал кәсіби рэперлерге — фристайл режимі ашық, яғни орындаушы 8 кездейсоқ сөзден 16-тактілі рэп жасауы керек.
Әзірге бағдарлама жабық тестілеу режимінде. Сондай-ақ, оны Clubhouse секілді тек iOS қолданушылары ғана шақыру бойынша тіркеле алады.