Екінші орта дивизиондағы WBA Super және WBC белбеуі иегері 30 жастағы мексикалық Сауль Канело Альварес Бүкіләлемдік бокс кеңесі рейтиңінің екінші нөміріне үміткер 29 жастағы түрік Авни Йылдырымға қарсы жұдырықтасты.
Жекпе-жектің 3-ші кезеңінде Йылдырым нокдаунға түсіп, раунд аяқталғаннан кейін шаршы алаңға шығудан бас тартты. Осылайша, WBA Super және WBC белбеулері Мексика өкілінде қалды.
Сауль Альварес кәсіби мансабындағы 55-ші жеңіске жетті, сондай-ақ, екі чемпиондық белдігін қорғап қала алды Ал Авни Йылдырым болса, осымен үшінші рет жеңіліс тапты.