Альбом релизі 19 наурызға жоспарланып отыр. Канадалық әншінің айтуынша, “Justice” — өзін жалғыз сезінетіндердің жанына демеу болатын туындылар жинағы.
«Қиындыққа толы мына әлемнен бәріміз әділет пен жанға шипа аңсаймыз. Бұл альбом арқылы адамдарға жылу сыйлағым келді. Тыңдарман музыкамнан тыныштық пен жігер тапса, қуаныштымын», — деді Бибер.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Әзірге тректердің толық тізімі жоқ, бірақ альбомға былтыр жарық көрген бірнеше ән кіретіні белгілі: Chance The Rapper-мен жазылған «Holy» және Бенни Бланкомен бірге айтқан «Lonely» әндері. Сондай-ақ, биыл қаңтарда шыққан «Anyone» әні де альбомға енген.