MyHeritage генеалогиялық сайты ескі суреттерді «жандандыратын» қосымша ұсынды. Deep Nostalgia технологиясы көмегімен ескі суреттегі адамның бет-жүзі қозғалып, көзі ашып-жұмылады, жымиып күледі.
MyHeritage — бұл өз отбасыңды терең зерттеп, туыстарың жайлы тарихи жазбалар іздеп тауып, отбасы ағашын құруға көмектесетін платформа.
Жаңа функция қайтыс болған адамның шынайы бет-бейнесін жасау үшін қолданылады. Қосымшаға анимациялық қозғалыстар енгізу үшін адамдардың түрлі видеолары үлгі ретінде пайдаланылған екен.
Күні кеше шыққан қосымша қызметін әлемнің түкпір-түкпіріндегі тұтынушылар қолдана бастады. Қазақстандық қолданушылар арасында ZTB.kz бар. Интернет басылымның Алаш зиялыларына жан бітірген видеосы оқырман қауымды таңқалдырып, жүрегін елжіретті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram