«Назарыңызға #KAIxGucci топтамасын ұсынамыз. Бұл жоба K-pop жұлдызы Кайдың керемет биінен, оның сән мен ойыншық аюларға деген махаббатынан алынған шабыт нәтижесінде шықты», – делінген бренд мәлімдемесінде.
Gucci-дің шығармашылық директоры Алессандро Микеле әртіске арнайы тедди аюдың суреттерімен безендірілген киім мен аксессуарлар дайындаған. Ұсынылған топтамада әртүрлі көлемдегі сөмкелер, панамалар, футболка мен жейделер, жемпір мен бомберлер бар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Иә, Кай соңғы екі жыл бойы Gucci амбассадоры болып істеп келеді, бірақ Kering-ке тиесілі лейблдің корей әртісімен жұмыс істеп, топтама шығаруы алғаш рет болып тұр.
«Мен өте ризамын. Сенің атың жазылған топтаманы шығару оңай емес екен. Бұл үлкен мүмкіндік, неткен бақыт екенін сөзбен жеткізе алмаймын», — деді ол Esquire Korea-ға берген сұхбатында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
KaixGucci капсуласы 15 сәуірде эксклюзив болып Сингапурдағы Gucci флагманында ұсынылады. Одан кейін топтама Корея, Қытай, Гонконг, Вьетнам және Тайландта сатылымға шығады.