Ресейде туылған америкалық әртіс Лео Луганский Twitter-дегі парақшасында Земфираның альбомы мен өзінің 2019 жылы шыққан сиңглінің мұқабасын салыстырды. Екі релиздің атаулары ғана емес, мұқабалары да қатты ұқсайды екен: қара фонда жазылып, сызылып тасталған «Бордерлайн» сөзі.
Әнші бұл айыптауларға ештеңе жауап бермеді. Оның ВКонтакте-дегі парақшасында мұқабаның идеясы грузин дизайнері және Balenciaga сән үйінің шығармашылық директоры Демне Гвасалияға тиесілі екені айтылған. Бірақ ол да Луганскийдің постына еш реакция танытпады.
Еске салайық, “Бордерлайн” — Земфираның сегіз жылда алғаш шығарған альбомы. Оның релизі бес күн бұрын болды.