Көптен бері шығармашылығы тынышталып қалған Ақбота-Нұр Сейітмағамбет “Махаббат кино” атты жаңа әнін шығарды. Туындыны @AGUGAI сайтынан тыңдап, жүктеуге болады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ақбота жаңа әні туралы желіде хабарлап: “Жүректен шыққан әнім. Жүректеріңізге жетті деп ойлаймын! Жақсы көремін сіздерді”, деп жазды.
Сейітмағамбеттің жаңа әнінде бұрынғы ғашықтардың “махаббат” атты кинода рөл сомдағаны жайлы айтылады. Әншінің тыңдармандары туындының әсерлі шыққанын айтып, “Керемет. Іштегі жан жарасы сезіледі” деген типтегі комменттер қалдыруда.