Халықаралық әйел құқығын қорғау күніне орай Қазақстанда бірқатар іс-шаралар өтпек. Opa редакциясы осы аптада өтетін шаралар тізімін ұсынады:
- 5 наурызда WikiGapKazakhstan уикипедиядағы қазақ тіліндегі гендерлік алшақтықты азайтуға бағытталған іс-шара өтеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Мұнда түрлі саладағы сарапшылар гендерлік теңдік, әйел құқығы, феминизм, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты заң мен бизнестегі әйелдер туралы сөз қозғайды. Бағдарлама кестесі және спикерлер тізімімен Wikigapkazakhstan instagram парақшасынан танысуға болады.
Қатысу: Онлайн/оффлайн форматында тегін қатысуға болады. Орын саны шектеулі, сол себепті алдын-ала тіркелу қажет.
Өтетін орны: Алматы қаласы, SmartPoint коворкиң орталығы
Уақыты: 10:00-14:30
- 6 наурызда Бокс және кикбоксиң тренері Мария Макатревич өзін-өзі қорғау тәсілдерін меңгеруден қыздарға арналған тегін мастер-класс өткізеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Мекен жай: Маркова 75 Sk boxing
Тіркелу: +7775 664 99 94 нөмері арқылы
Уақыт: 13:00-де (шамамен 1,5 сағатқа жалғасады)
- 8 наурызда Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында әйелдер маршы өтеді. Ұйымдастырушылар: Feminita, “КазФем”,”Фемсреда”, “SVET” қоры және FemAgora.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Шара жоспары:
- Ганди ескерткіші жанында 12:00-де жиналып, Шевченко мен Уәлиханов көшесіне дейінгі шеру маршрутын жүріп өту;
- 15:00-де Уәлиханов ескерткішінің жанында митиң өткізу.