Instagram жаңа Live Rooms функциясын қосып, қолданушыларға төрт адамның қатысуымен тікелей эфир жүргізуге мүмкіндік бермек. Бұл туралы қосымшаның ресми сайтында хабарланды.
“Тікелей эфирдің шығармашылық мүмкіндіктері екі есе көбейеді деген үміттеміз. Әріптестермен ок-шоу, джем-сессия ұйымдастыруға, фоллоуерлермен сабақ өткізіп, сұрақ-жауап жасауға немесе жай ғана достармен әңгіме-дүкен құруға болады. Live Rooms, сондай-ақ, бизнес құрып, ақша табудың бұрынғыдан да көп жолдарын ұсынады”, — деп жазылды Instagram-ның ресми сайтында.
Сондай-ақ, бұл функция қайырымдылық акциясын тиімді өткізуге де мүмкіндік ашпақ.