Пациент ішек жұмысының ауытқуымен туылған. Дәрігерлер бұл мәселені үш рет шешуге тырысқан, бірақ әр жасалған отадан кейін қыздың жағдайы нашарлай берген.
Сондықтан, Львов ауруханасының мамандары тәуекелге баруға бел буған. Жаңа тәжірибе жасап, күтпеген нәтижеге қол жеткізіп отыр: робот-хирургтың көмегіне алғаш жүгінген дәрігерлер ішектің жабысып, бітеліп қалу проблемасын шешті.
Операция барысында құрсақ қуысында 3 пункция жасалып, оларға камера орнатылды. Құрылғы кескінді үш өлшемде 20 есе үлкейтіп, мониторға шығарып, көрсетіп отырды. Операция сәтті аяқталды.