Әбілхан Қастеев атындағы өнер мұражайы Del Papa мейрамханалар желісімен бірге “Искусство. Есть” (Өнер. Бар) жобасын бастады, деп хабарлайды мұражайдың instagram парақшасы.
Жоба аясында суретші Евгений Сидоркиннің туындылары бейнеленген саны шектеулі жеңіл жейде мен сөмкелер шығарылған.
Cонымен қатар, Focus On мобайл қолданбасы арқылы Del Papa желісіндегі маркер-картиналардан қазақстандық суретшілердің туындыларымен танысуға болады.
“Өнер. Бар” — бұл мәдениет мекемесінің өкілдері үшін ел тұрғындарын қазақстандық суретшілердің шығармашылық мұрасымен таныстырудың жаңа мүмкіндігі”, — деп жазды өнер мұражайы.
Посмотреть эту публикацию в Instagram