2023 жылы жапониялық миллиардер Юсаку Маэдзава Айға ұшпақ. Жер серігіне алғашқы турист ретінде барғалы жатқан ол сапарға өзімен бірге тағы сегіз адамды ала кететіні жайлы хабарлады. Оларды таңдау үшін бизнесмен кастиң ұйымдастырмақ. Бұл туралы кәсіпкер Twitter, Instagram парақшаларында жазды.
【発表】2023年に予定している月旅行に8名様をご招待します。本日より応募受付開始します!みんなで楽しい旅行にしましょう🚀🌍🌕 #dearMoonhttps://t.co/xBtOyJMIUh
— 前澤友作┃月旅行に8名ご招待 (@yousuck2020) March 2, 2021
«Мен осы миссияға қатысқысы келетін адамдардан топ жинаймын. Маған әлемнің түкпір-түкпірінен сегіз адам керек. Бұл сапарға жалпы 10-12 адам қатысады. Мен өз тарапымнан сегізін шақырамын», — деді ол видеохабарламада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Маэдзава болашақ серіктестеріне екі-ақ талап қойды. Кастиңге қатысушылар өздерінің қызметі туралы айтып, олардың Айға ұшқаны қоғамға қандай пайда әкелетінін түсіндіруі керек. Сонымен қатар, әлеуетті үміткер ұжыммен бірігіп жұмыс істеуге және оның басқа мүшелеріне қолдау көрсетуге дайын болуы қажет.
44 жастағы Маэдзава — Zozo интернет-дүкенінің негізін қалаған модельер. 2019 жылғы қыркүйекте ол компанияның бас директоры қызметінен кетті. Forbes-тың ақпаратына сүйенсек, кәсіпкердің қазіргі жағдайы шамамен екі миллиард долларды құрайды. Ол, сондай-ақ, Ай орбитасына шыққан алғашқы турист болады деп күтілуде. Сапарды Илон Масктың SpaceX компаниясы ұйымдастырады.