Соңғы сериясы 2023 жылға жоспарланып отырған шоу 757 эпизодтан тұратын болады. 700-ші мерейтойлық серия биыл 21 наурызда көрсетілмек.
«Жобаның ұзаратынына өте қуаныштымыз, сондықтан көрермендерге керемет тосынсый дайындап жатырмыз. Жаңа маусымда Гомер шашынан айырылады, Милхаус болса, жанаспалы линза алады, ал Барт өзінің оныншы туған күнін отыз үшінші рет атап өтеді», — деді шоу авторы Мэтт Грейниң.
«Симпсондар» — америкалық телевизия тарихындағы ең ұзақ көрсетілген мультсериал. Жоба 1989 жылдан бері үздіксіз шығарылып келеді. Былтыр қыркүйекте шоудың 32-ші маусымының премьерасы өткен.