Warner Bros. компаниясы Хәрри Поттер әлемі бойынша Hogwarts Legacy ойынын әзірлеп жатыр. Жоба авторлары ойынға кейіпкердің жынысын, дауысы мен дене бітімін таңдау мүмкіндігін қосатынын хабарлады.
Ойыншылар таңдаған кейіпкерлердің жынысына қарамастан оған енді ердің де, әйелдің де дауысын қоя беруге болады. Яғни, трансгендер кейіпкерді де жасау мүмкіндігі бар. Енгізілген өзгерістер релиз уақытына дайын бола ма, жоқ па, әлі белгісіз.
Сиқыршылар әлемі туралы ойынның шығар уақыты 2022 жылға жоспарланып отыр.