Amazon қолданушылары мобайл қолданбаның белгісін Гитлердің күлкісіне ұқсатқан. Сол үшін компания оны қайта ауыстырды, деп хабарлайды «Афиша Daily».
Компания қолданбаның белгісін биылғы қаңтарда ұсынған болатын. Логоның жоғарғы жағында ирек боп жыртылған көк скотч болса, төменгі жағында Amazon-ның “күлімсіреген” жебесі бейнеленген. Жаңа белгіні қолданушылар Адольф Гитлердің мұрты мен миығынан күліп тұрған ерініне ұқсайтынын айтқан.
Осы шағымнан кейін Amazon белгісін қайта өзгертті. Жаңарған нұсқасын енді жұртшылық Аватар Аангқа ұқсатып жатыр.