Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Google-мен бірге» платформасында «Табысты бол» деген жаңа бөлім пайда болды. Жоба әйелдерді қолдауға бағытталған. Олардың мансаптық және жеке өсуіне ықпал ететін әртүрлі трениңдер, білім беру бағдарламаларын, конференциялар мен курстарды ұсынады.
Платформада бағдарламаларды екі бағыт бойынша таңдауға болады — «Мансап» және «Бизнес». Онда жеке кәсіп ашу, хоббиді табыс көзіне айналдыру, сондай-ақ жұмыс іздеуге қалай дайындалу керегі туралы мақалалар жарияланады: “креатив түйіндемені қалай жасауға болады?”, “сұхбатта не айту керек?” деген тақырыптар қозғалады.
Сенімділік іздейтін әйелдерге «Мен өзіме сенемін» атты өзін-өзі таныстыру бойынша трениң өтеді. Ал қаржылық мүмкіндігі шектеулі болғандықтан жетекші жоғары оқу орындарына түсе алмайтын адамдарға арналып todogood коммерциялық емес ұйымының білім грантын берілетін болады.
Авторлар сайт үнемі жаңартылып, өзекті әрі пайдалы бағдарламалармен толықтырылып отыратынын айтты.