Нұржан Керменбаев пен Салтанат Бақаевадан құралған “Арнау” дуэті “Жұбымыз жазылмасын” әніне түсірген видеоклипін шығарды. Туынды “Той думан” YouTube арнасына жарияланып, бір күнде 7,5 мың көрілім жинады.
“Жұбымыз жазылмасын” видеоклипіне әншілер отбасы мүшелерімен бірге түскен. Әннің өзі екі жыл бұрын жарық көрген. Дуэт мүшелеріне келсек, екеуі кейінгі жылдары тек жеке өнер көрсетіп жүрген болатын.