Жақында Мәжіліс депутаты Ерлан Смайылов елімізде аналық капитал енгізіп, дүниеге келетін әр балаға 4,2 миллион теңге беру туралы ұсыныс айтқан. Осыған байланысты танымал әнші Ерке Есмаханпікірін білдіріп, балалы болу туралы ойын жеткізді.
Ерке Instagram жазбасында: “Бала туғандарға 4 миллион теңге беретін болды ма? Жаңалықтардан оқып едім. Беретін болса, бала туып әрі 4 миллионды болып қалайын деп едім ғой. Концерт, той жоқ, бәрбір”, — деді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Фоллоуерлері Еркенің тағы да балалы болғысы келетіні туралы ойын біліп, тілектерін жаудырды. “Егіз туып 8 миллион алсаңызшы” , “Жассыз ғой, туып алыңыз” , “Саған үшем тіледім” , “Сол миллионды күтпей-ақ, сұлу қыз туып алыңыз”, “Бұл жайында Азамат не дейді екен?” деген пікір қалдырған.