Танымал әнші Мадина Сәдуақасова өзіне қатысты ерекше қасиеті туралы айтты. Қасындағы көмекшілерін жиі ауыстыратын себебі де осы қыры екенін Instagram желісінде бөлісті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
“Неге осы Мадина Сәдуақасова көмекшілерін жиі ауытырады?! Өткені, маған келгендердің өздері де осал емес, оның үстіне менің де жолдарын ашып жіберетін қасиетім бар сияқты. Мысалы бұрын жұмыс істеген Азамат Роза Рымбаеваға директор болып кетсе, Сәкен қазір продюсер, Сайда дизайнер болып, Айгерім өз бизнесін ашты. Ал осыдан төрт ай бұрын келген Айдана креативті директор болып басқа жұмысқа шақыртылды.
Енді маған жұмысқа Іңкәр келді. Өзі режиссер, сценарист, адамдармен тез тіл табысып кететін қасиеті бар екен. Бізге сәттілік тілеп қойыңыздаршы. Шіркін, ұзағынан жұмыс жасасақ екен”, — деген жазба қалдырды.
Фоллоуерлері әншіге сәттілік тілесе, бірге жұмыс істеген бұрынғы көмекшілері алғысын білдірді.