Алматы тұрғындары 8 наурыз — халықаралық әйелдер күні гендерлік теңдікке үндейтін бейбіт шеруге шықты. Бұл – феминист белсенділердің биліктің келісімін алып өткізген алғашқы акциясы.
Шеру жайлы алғашқы болып пікірін білдіргендер ішінде “Диета” тобының мүшесі Жасұлан Базарбаев бар. Ол Instagram желісінде: “Қор болған ою, қор болған тілім, қор болған салтым. Бұларды да қамады ма екен? Сондықтан бұндай нәрселерге қарсымын. Менің тегімде жоқ нәрсені тықпасын салтымызға!”, — деп жазды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Әншінің бұл жазбасын оқырмандары бір ауыздан қолдап, “Осыларға қалай рұқсат берген екен шығуға?”, “Не болып барады мына заман?!”, “Неге осы тыныштық жақпайды бізге?”, “Не деген сұмдық мынау?”, “Анау киген ою шапанға обал-ай” деген пікірлер қалдырған.