Қонақ үй төменгі Жер орбитасындағы Voyager стансасында орналасады. Құрылыс 2027 жылы аяқталып, нысан сол жылы іске қосылады.
Жоба авторлары қонақ үй сақина формасында салынатыны мен жасанды гравитация сақталуы үшін үнемі айналып тұратынын айтты. Айналмалы сақинаға нөмірлері бар капсулалар бекітіледі. Оларға 400 турист сыяды екен.
Одан бөлек, қонақ үйде кинотеатрлар, барлар мен мейрамханалар, сондай-ақ SPA және спортзалдар болады.
Станса төменгі Жер орбитасында болғандықтан, қонақ үйден Жерге панорамалық көрініс ашылады.