Орта салмақтағы IBF және IBO нұсқалары бойынша қазақстандық әлем чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мен мексикалық Хайме Мунгия (36-0, 29 КО) арасындағы кездесу кейінге шегеріліп, 2021 жылғы мамырда өтетін болды, деп хабарлайды sports.kz
ESPN телеарнасының журналисі Бернардо Пилатти мексикалық боксшы Хайме Мунгияның командасы қазақстандық Геннадий Головкинмен мамырда өтетін жекпе-жектен бас тартып, басқа күн мен өзге қарсылас таңдағаны туралы инсайдергетүсініктеме берген.
“Zanfer Promotions пен Golden Boy промоутерлері Джайме Мунгияны мұндай қарсыласпен жекпе-жекке шығару әлі ерте және тым қауіпті деп ойлаған болар. Промоутерлердің пікірінше, Мунгия алдымен GGG-мен тікелей кездесудің орнына, басқа боксшылармен жұдырықтасуы керек. Уақыт өте келе, Головкиннің жасына байланысты Мунгия фаворитке айналады”, — дейді Пилатти.
Сәуірдегі жекпе-жекке Мунгия мына тізімдегі боксшылардың бірін таңдай алады: Димитриус Баллард (20-0-1, 13 КО), Кіші Шейн Мосли (17-3, 10 КО), Джейсон Куигли (18-1, 14 КО) және Люк Килер (17-3-1, 5 КО).