Алматыда экологияны қорғау мақсатында алғашқы “Hello eco” Zero waste дүкені ашылды. Мұнда құрамы экологиялық таза, сыртында орамасы жоқ тұрмыстық химия, косметика өнімдерін және өзге де тауарларды сатып алуға болады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Дүкеннің бір ерекшелігі — кез келген тауарды бірнеше рет қолдануға болатын арнайы тараға (контейнер) салып өлшеп, сатып аласыз. Бұл арқылы бір — қаптамаға төлейтін ақшаны үнемдейсіз, екі — экологияны артық қоқыстан құтқарасыз.
Дүкен Алматыда орналасқанымен бүкіл Қазақстан бойынша жеткізу қызметі қарастырылған.
Мекен-жайы: Самал-2 шағын ауданы, 56а, 1 қабат