Тұрмысқа шығу туралы пікірін білдіріп, желіде танылған 7 жастағы инстаблогер Рамина Алмас ресейлік Максим Галкиннің “Бәрінен үздік”(Лучше всех) бағдарламасына шақыру алды. Бұл туралы tengrinews.kz хабарлады.
Раминаның видеоларын анасы желіге 4 жылдан бері жариялап келеді, алайда жас инстаблогер үйлену туралы видеосынан кейін танымал бола бастады. Видеоны instagram-да 1,5 млн-нан астам адам көрген. Күлкілі ролик whatsapp мессенджерінде де жылдам тарады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жас инстаблогердің анасы Алина Қанатова tengrinews-ке берген сұхбатында Раминаны Максим Галкин шоуына бір жыл бұрын жас аспаз ретінде шақырғанын айтты. Алайда карантин шектеулеріне байланысты бағдарламаға қатысу мүмкін болмаған. Содан бері ұйымдастырушылармен байланысын тоқтатпаған Рамина мен анасы биылғы сәуірдеРесейге аттанбақ.