Әзілхан Нұршайықовтың романы бойынша түсірілген “Махаббат, қызық мол жылдар” телехикаясы көрерменге жол тартты. Оқырмандардың тұмарына айналған көркем шығарманың экрандық нұсқасы Qazaqstan TV арнасында көрсетіле бастады.
Телехикая продюсері Ернар Маликов тоғыз ай бұрын бас кейіпкерлерге кастиң жариялаған болатын. 18-23 жастағы үміткерлер арасынан Меңтайдың рөліне Нарқыз Айдарова өтсе, Ерболды Ермек Тұрғанбек сомдайтын болды. Екеуі де — Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының студенттері.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Телехикаяның саундтрегі Әзілхан Нұршайықовтың “Қызыл көрпе” өлеңіне жазылыпты. Әнді орындайтын — Әли Оқапов. 20 бөлімнен тұратын телехикаяның әзірге алғашқы бөлімі шықты. Ұлттық арнаның Instagram желісінде көрермендер “Керемет! Қазақ киноиндустриясы қайта жанданып жатқандай”, “Өте әсерлі шыққан өнім”, “Көзіме жас келді, шын жүрекпен сезіндім”, “Жақсы шыққан, қатты сөгіп керек емес деп ойлаймын”, “Кино емес, спектакль сияқты ма қалай?!” деген пікірлер қалдырған.