Жақында бастау алған OYU атты қазақстандық youtube жобаның кезекті шығарылымында The Buhars feat. jeltoksan өнер көрсетті. Олар ұлттық аспаптардың сүйемелдеуімен “Теңіз” әнін жанды дауыста орындады. Видео 8 мыңнан астам көрілім жинап үлгерді.
Айта кетсек, OYU бағдарламасы әр сейсенбі сайын шығып отырады. Мұнда түрлі жанрда өнер көрсететін әртістер жанды дауыста ән орындайды. Бұған дейін жобаның бірінші бөлімінде Dudeontheguitar “Kolenke” әнін орындаған болатын.