Кино саласында шетелмен коллаборация жасап жүрген Нұрлан Қоянбаев осы уақытқа дейін АҚШ, Тайланд, Араб әмірліктері, Корея, Африка, Түркия елдерімен жұмыс істеген. Енді Оңтүстік Кореяның нарығындағы белді “Big Ocean ENM” компаниясымен серіктестік орнатты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Instagram желісінде: “Оңтүстік Корея нарығында беделді “Big Ocean ENM” компаниясымен бірігіп жұмыс жасаймыз деп келістік! Компания басшысы Hwang мырза! Осы кездесуге риясыз септігін тигізіп, қазақ өнеріне жанашырлық танытқан Қазақстан Республикасының Корея мемлекетіндегі елшісі Бақыт Амангелдіұлы Дүйсенбаев мырзаға алғыс білдіремін ”, — деді.
Фоллоуерлері “Ұзағынан болсын, Нұреке”, “Қоянбаев шетел болып кеттіңіз ғой”, “Нұрлан аға, шаба беріңіз”, “Ерекше кино ғой сіздікі”, “Шиелі азаматының өнері өзге жүзсін”, “Біз сізбен мақтанамыз” деп жарыса жазуда.
Instagram storise-те Қоянбаев Hwang мырзамен келісімшартқа отырып, Оңтүстік Кореяны аралап жүргенін бөлісті.