Танымал жүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы кейінгі кезде қызу талқыға түсіп жатқан феминизм жайлы пікірін бөлісті. Көпшіліктің бұл ұғымды дұрыс түсінбей жатқанын айтып мәселені түсіндіруге тырысты. Әйел құқығы, феминизм десе, басқа жаққа кетіп қала бересіздер деп Instagram желісінде жазба жариялады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
“Бүгінен бастап Ауғанстандаа 12 жастан асқан қыздарға қоғамдық іс-шараларда ән айтуға тыйым салынды. Құдай сақтасын, біз Ауғанстан емеспіз деп отырған шығарсыз. Кейбір пікірлерді көрдім, феминист деген сөзін ұқпайды, түсінгісі де жоқ. Феминизмге, әйел құқығының тең болуына, көзі ашық, білімді болуына, саяси-эконмикалық, әлеуметтік жағдайының жақсаруына қарсы тұратын қыз-келіншектің көп екені таңқалдырды. Сонда сіз қызыңыздың оқығанын-тоқығанын, ел-жер көргенін (шамадан тыс еркіндік туралы айтып тұрғаным жоқ), өз құқығын білгенін қаламағаныңыз ба? Қыздар ұрыспайықшы! ЛГБТ мен феминистерді шатастыруға болмайды. Бұл шерудің кемшілігі — олардың араласып кетуі. Әйтпесе, феминизм сіз бен біздің құқығымызды қорғайды. Көзіңіз ашық, білімді, ең әдемі жансыздар, бәрін түсініп отырсыздар деп ойлаймын ”, — деп жазды Сұлтанқызы.
Фоллоуерлері “Сіз сонда әйел құқығы сақталмаған деп отырсыз ба? Керісінше, қазір әйел адамдардың мәртебесі жоғары”, “Өз құқығын білгенге қарсы емеспіз. Тең бола берсін. Тек шеруде феминизмді пайдаланып, ЛГБТ деп ашық айтқайлап тұр. Сізге А деп тұсақ, сіз Б деп тұрсыз бізді ақымақ қылып көрсетіп”, “Біздің елде шектеу қойғанын көрмеппін. Шетелде оқитындары оқып, еркін қыдырып жүргендері баршылық”, “Сізден басқамыз сауатсыз, тек сіз ақылды кереметсіз деп ойлайсыз-ау өзіңізді” деп пікір білдіруде.