Күні кеше Нұр-Сұлтан қаласында Viva L’ltalia by VILED онлайн сән кеші өтті. Отандық жұлдыздар көрсетілімге италиялық дизайнерлердің туындысын киіп шықты. Valentino, Dolce&Gabbana, Gucci, Bottega Veneta, Brunello Cucinelli, Gianvito Rossi, Kiton сияқты әлемдік брендтердің көктем-жаз 2021 үлгілері көрсетілді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Подиумға шыққан отандық жұлдызлар арасында Қайрат Нұртас, Тәуекел Мүсілім, Әсел Сағатова, Әсел Сәдуақасова, Санжар Мәди бар. Көрсетілімнен алған әсерімен әрқайсысы Instagram желісінде жазба қалдырып бөлісті.
“Нұр-Сұлтан қаласында өткен керемет жобаға қатысып, әлемдік брендтің сән үлгісін көрсеттім. Көрсетілім барысында бұрынғы модельдік саладағы сәттер ескетүсті”, — деді Әсел Сағатова. “Luxury” – дей ме? Қалай?” деп Тәуекел Мүсілім оқырманға сауал жолдаса, Санжар Мәди: “Бұл менің алғашқы сән көрсетілімге қатысуым, алған әсерім ерекше”, — деп бөлісті.