Instagram
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам

Жаралы қорғансыз қыздың кейпіне ен! Олжас Еспанов қыздарға жігіттер жайлы кеңес берді

by Opa Media
16.03.2021
Reading Time: 1 min read

Фото espanov_olzhas/instagram

Фейсбукта бөлісуWhatsapp бөлісу

Эстрада әншісі Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас Еспанов Instagram желісінде қыздарға кеңес берді. Жігіттердің жүрегін жаулаудың 10 жолын айтып, өз жартысын табуда сәттілік тіледі.

  1. Анда-санда болса да жаралы, қорғансыз қыздың кейіпіне ен. Жігіттер ақылды қыздың қасында өзінің кешілігін байқап қалудан қашады
  2. Еркіндікте қылықтасын. Жігіттің қайда, кіммен, не істеп жүргенін тексерме. Кейін қолына кісен салып жекеменшік күйеуің қылған соң іздейсің. Жігіт “неге іздемеді” деп бас қатырсын.
  3. Оның пікірімен санас. Кішкентай мәселе болса да онымен санас, ақыл сұра. Бірақ ештеңке шеше алмайтын ақымақ қыздың кейіпіне енбе.
  4. Сағындыр. Өзіңе ғашық қыламын деп жалықтырып алма. Кейде жоқ болып кет. Іздесін, қызғансын.
  5. Өзгеріп отыр. Үнемі киіміңді, шашыңды өзгерт. Басқа біреу ғашық болып қала ма деп қорықсын. 
  6. Комплимент айт. Жігіттің жақсы жағын, өзіне ұнайтын тұсын айт. Ол мақтау сияқты болып көрінсін. Жігіттер  құрметтегенді, бағалағаныңды ұнатады. 
  7. Достарымен аралас. Оның достарының алдында сыйлы болуға тырыс, әзілдес, аралас. Өзіндік пікірің барын көрсет. Достары сен туралы жақсы ойласын. Жігіт бәрбір достарының сөзіне құлақ түреді. 
  8. Екеуіңе ортақ хобби тап. Қызығушылықтарың орта болса, тіптен жақсы. Бірлесе атқаратын іспен айналысу керек. 
  9. Бірінші кездесуде-ақ өзің жайлы сырдың бәрін ақтара салма. Өткенің туралы мүлдем сыр ақтарма. Ол үшін жұмбақ бола тұрсын. Жігіттер қыздың өткенінде де, болашағында да бірініш болып қалғысы келеді. 
  10. Жасандылық болмасын. Өмірде қандайсың, сол қалпыңды жігітке көрсет. Жасандылықпен қасыңда ұзақ ұстай алмайсың. 

Осы кеңестерден кейін фоллоуерлер пікірі бірнешеге бөлінді. “Егер соңғы оныншы сөзге құлақ түрсек, алдыңғы тоғызын жоққа шығарса болады”, “Рахмет, енді сізді қайдан тапсам болады”, “Оқып алған қыздардың жігіттері түсінбей жүрмесін”, “Қыздар жігіттердің жүрегін жаулаймын деген үлкен ақымақтық” деп жазды олар комментке. 

Tags: қыздарға кеңесНұрлан ЕспановОлжас Еспанов

Opa.kz — мәдениет, өнер, сән, спорт, денсаулық, технология әлеміне қызығушылық танытатын оқырмандарға арналған медиа ресурс.

жарнама
Контактілер
Instagram Envelope
© 2020 "Syntax Media" ЖШС