Танымал қобызшы Ақерке Тәжібаева туған күнінде отбасымен бірге Gender party кешін атап өткен. Екінші перзентінің жынысын білу үшін шар жарған сәтін Instagram желісінде бөлісті. Қыз екенін білгенде Ақеркенің көңіл-күйі түсіп, көзіне жас алды. Кейін себебін түсіндіріп, желіде бірнеше жазба қалдырды.
Ақерке ұл қалағандықтан мамандардың көмегіне жүгініп, жүктілігін алдын-ала жоспарлаған. Алғашқы УЗИ-ге түскенде, дәрігерлер перзенттің қыз бала екенін айтқан. “Неге? Ұл болу керек еді” деп көңілсізденген Ақеркені жақындары «УЗИ көп жағдайда қателеседі” деп жұбатқан екен. Үмітін үзбеген қобызшы “Gender party” кешін күткен.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
«Міне, өздеріңіз куә болып отырған “Gender paty”-де қызғылт түсті конфетилердің төгіліп, нүктесін қойып беріп отыр. Үмітімнің ақталмағанына көңілім түсті, жабырқадым. Сол сәтте жолдасым өзінің шексіз қуанышымен қолдап көрсетіп: “Біздің Айкөркемдей тәп-тәтті қызымыз бар, енді сондай тәтті сәби өмірімізге келіп, қуаныш сыйламақшы” деп жылы сөзімен жұбатты. Көңіл күйім түсіп, өзіме-өзім жасадым деп өкпелеп, есептетпей-ақ Аллаһтың нәсіп еткен күні көтеріп, риза болып жүрмедім бе деген өкініш болды. Әрине, тәубеге келдім. Барыма шүкіршілік еттім. Қыз баланы берген Алла ер баланы да береді деген үміт оты жанды. Аллаһтың қалауымен “kinder surpise” –імді дүниеге әкеліп алсам, бұйыртса, атқа мінерді дүниеге әкелуге ниеттіміз», — деді