Эстрада жұлдызы Назима Жәнібекова желіде соңғы жаңалықтарын бөлісті. Әнші Мальдив аралында демалып жүр. Сондағы жағажайда түскен суретіндегі мінсіз мүсіні жұртты таңқалдырды.
Фотосын әнші Instagram желіге: “2020 жылы әндерімнің бағыты алуан түрлі болғаны соншалық, кейде шынымен осындай ән шығардым ба деп ойланып қалатынмын. Қазір болса әр қадамымды ойланып басамын. Өлеңнің мәтіні, ырғағы, бағытына мән беремін. Әр туындының сапалы әрі жүректен шыққанын қалаймын. Қарашадан бері ән шығармағанымның себебі де осы. Жаңаша бағыт, жаңаша дауыс іздеп, түрлі музыканттармен жұмыс істеп жатырмын. Ұнаған дүниелер бар. Жақында бөлісемін. Сағындыңыздар ма?”, — деп жазбамен жүктеген.
Фоллоуерлері әншінің сөзінен гөрі мүсінін қызу талқыға салды: “Қандай керемет мүсін”, “Мінсізсің”, “Ең сұлу әнші”, “Назима, төсіңізді жасатып алдыңыз ба?” деген пікірлер көп.