Мюнхен клубы Чемпиондар Лигасының 1/8 финалының жауап матчында 2:1 есебімен “Лационы” жеңді. Осылайша, «Бавария» Чемпиондар лигасының 1/4 финалына шықты.
OptaJean Twitter-де хабарлағандай, «Бавария» тарихта 19-шы рет Чемпиондар лигасының ширек финалына шықты, бұл турнирдің жаңа рекорды ретінде есептелді. Алдыңғы рекорд «Барселонаға» тиесілі болған. Каталондықтар турнирдің 1/4 финалына 18 рет өткен. Осы маусымда олар «Пари Сен-Жерменнен» ұтылып, 1/8 финал ойыннан ұшып кетті.
19 — Le Bayern Munich s'est qualifié pour la 19e fois en quarts de finale de la Ligue des Champions, nouveau record dans l'histoire de la compétition (18 pour Barcelone). Cador. #FCBLAZ pic.twitter.com/rp2Nxaicsc
— OptaJean (@OptaJean) March 17, 2021
Еске сала кетсек, «Бавария» Чемпиондар Лигасының қазіргі жеңімпазы. Ширек және жартылай финалдардың жеребесі 19 наурызда өтеді.