Танымал рэпер Скриптонит Musica36 лейблінің әртісі Kali-дың “Ты придешь” атты жаңа әніне ремикс шығарды. Скриптонитпен қатар Daurr де өз нұсқасында ремикс жазған.
“Ты придешь” әнінің авторы Kali туындыны осыдан бір апта бұрын шығарған. Жаңа ремикстерді кез келген музыкалық платформадан тыңдауға болады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ремикс шығарған Скриптонит тыңдармандары 6-шы альбом қашан шығатынын сұрап әлек. “Ал альбом қашан?”, “6-шы альбом қайда? күтуден шаршадық” деген комменттер кездеседі.
Еске сала кетсек, Скриптонит екі ай бұрын жаңа альбом шығаратынын хабарлады. Альбом мұқабасы мен атауында жариялаған. Бірақ әлі күнге дейін Скриптониттің альбомы қашан шығатыны белгісіз.