Танымал рэпер Алишер Моргенштерн ақшаны қалағанынша жұмсайтынымен танымал. Ресейлік “Пятый канал” арнасы жұлдыздың instagram-дағы жарнамаға қанша сұрайтынын анықтап көрді.
Белгілі болғандай, Моргенштерннің Instagram парақшасындағы жарнама 1,5 миллион рубль (8,5 миллион теңге) тұрады. Әнші видеоклипінде брендті жарнамалағаны үшін 5 миллион рубль (28,5 миллион теңге) сұрайды екен.
Композитор Брендон Стоунның айтуынша, Cadillac хиті үшін Алишер үш айда бес миллион рубль алған. Бірақ ақша тапқаннан гөрі 23 жастағы жұлдыз жұмсағанды ұнатады. Стоун тек ойын-сауық үшін Моргенштерн айына сегіз-тоғыз миллион рубль құртатынын айтты.