Батырхан Шөкенов атындағы қорының ұйымдастыруымен композиторлардан Қазақстандағы алғашқы музыкалық резиденция Batyr Lab-қа қатысуға өтінім қабылдауды бастады.
Batyr Lab музыкалық резиденциясы — музыкалық зерттеулер мен эксперименттер жүргізуге арналған зертхана. Резиденция музыкант, суретші, продюсер мен композиторларды біріктіретін, ашық оқу-тәжірибелік алаң болады
Қордың instagram парақшасының хабарлауынша, көшпелі резиденцияға қатысуға 10-12 жергілікті композиторлар шақырылады. Олар дыбыс жазу мен музыкалық продюсерлікті үйренеді.
“Batyr Lab аясында арнайы мамандардың шақырылуымен мастер-класстар жүргізіледі. Олардың ішінде мәскеулік продюсер және DJ Lay-Far, InSimple музыкалық кеңес бюросының негізін қалаушы Алекс Николаев және арнайы ұйымдастырылған көшпелі музыкалық студиялар болады”, — деп жазды Батырхан Шөкенов атындағы қор.
Резиденцияның қорытындысы бойынша қатысушылар арасында музыкалық туындыны жалғастыруды қолдау үшін жалпы құны 5 млн теңгені құрайтын грант байқауы өткізіледі. Шығармашылық үдеріс пен оқу аяқталғаннан соң әр музыкантқа ары қарай дамуға, кәсіби суретке түсірім мен дистрибьюцияны ұйымдастыруға көмек көрсетілмек.
Резиденцияға қатысуға өтініш 2021 жылғы 16 сәуірге дейін қабылданады. Толық ақпаратпен Batyr.foundation ресми сайтынан танысуға болады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram