Эстрада әншісі Алтынай Жорабаева денсаулық сақтау министрінің қабылдаған “жыныс ауыстыру отасына рұқсат беру” туралы бұйрығына наразылық білдірді. Сондай-ақ, бұл операциның тегін боларына алаңдаулы екенін тағы айтты. Instagram желісінде әнші “қандай мемлекетке айналып бара жатырмыз” деп, президент Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаға хат жолдады. Министр Александр Цой ресми мәлімдемесінде желіде тараған ақпараттың жалған екенін айтып, жыныс ауыстыру ақылы болатынын жеткізді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
“Дамыған 50, 30 елдің қатарына кіру үшін сөз бостандығы, ой бостандығы, интернеттің жылдамдығы, жолдың сапасы (Күлейін бе? Жылайын ба?) сияқты адамның құқығы деген де бар-мыс. Енді сол адам құқығының ішіне осы жыныс ауыстыру деген де кіреді екен. Егер осының барлығы орындалмаса, 50, 30 елдің қатарына кіре алмай қалады екенбіз. Бүйткен дамыған елің. Бәрібір жыныс ауыстыруға рұқсат бар екен”, — деді Алтынай Жорабаева.