UFC президенті Дана Уайт жеңіл салмақтағы ресейлік чемпион Хабиб Нурмагомедов мансабын ресми түрде 100% тоқтатқанын хабарлады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Instagram желісінде Дана Уайт: “Хабиб 29 жекпе-жектің 29-ын жеңіспен аяқтап, ресми түрде мансабына нүкте қойды. Сенің қалай жұмыс істегеніңді тамашалау бір керемет болды, бәрі үшін рахмет, бұдан әрі қарайғы жұмысыңнан да ләззат ал, досым”, — деп жазса, Хабиб оған: “Дана, сенің маған деген қарым-қатынасыңды ешқашан ұмытпаймын. Әкем тірі болса, риза болар еді. Бүгін нағыз ерлердің арасындағы әңгіме болды. Командама, демеушілерге, жанкүйерлерге алғыс айтамын. Менің шешімімді қабылдап, түсінеді деген ойдамын”, — деп жауап берді.