Õzen лейблінің әншілері Dudeontheguitar мен Aro наурыз мейрамына тарту жасап, жаңа видеоклип шығарды. Олар “Үркер” тобы орындаған танымал “Наурыз” әнін замануи нұсқада шырқады. Әнін жазған Айдос Сағат, сөзін жазған Ерсайын Жапақ. Жас әншілердің орындауындағы “Наурыз” әнінің видеоклипі 11 сағатта 6,2 мың көрілім жинап үлгерді.