19 жастағы қазақстандық ару Карина Кабдуллина Қазан қаласында өткен «Наурыз-2021 сұлуы» (Красавица Навруза-2021) байқауында жеңіске жетті, деп хабарлайды tatar-indorm.ru
Түркі халқының жаңа жылына арналған сұлулық байқауына Татарстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Башқұртстан және Қазақстаннан алты қыз қатысқан. Бірінші вице-мисс атағын Юлия Ким (Өзбекстан) алса, Диана Зулпуева екінші вице-мисс (Қырғызстан) атанды.
Нұр-Сұлтан қаласының тумасы Карина Қабдуллина қазір Қазан мемлекеттік медицина университетінде оқиды. Бұған дейін оқу орнындағы сұлулық байқауында Карина “ҚММУ 1-ші вице аруы 2019”, “ҚММУ интеллект аруы 2019” атанған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram