Бірнеше халықаралық жүлде иегері танымал қазақстандық актер Данияр Алшынов “Инфинити” атты француз сериалында бас рөлді сомдайды. Бұл қуанышты жаңалығын актер Instagram парақшасында бөлісті.
“Жиырма селфтейп жасап, бір жыл бойы күтіп, зумда сағаттап білім алдым. Нәтижесінде мен осындамын. Менің халықаралық сериалдағы алғашқы басты рөлім. Сағатына алты эпизод, қызық сценарий, керемет қамқор команда, сайттағы талантты серіктестер. Өмір сүріп, осындай дүниелерді жасап, қуанып жүргенім, бәрі үшін шексіз алғыс айтамын. Ал, кеттік…”, — деп жазды Данияр Алшынов.
“Инфинити” сериалы туралы ақпарат Canal+ француз телеарнасының сайтында да жарияланды. Теларнаның хабарлауынша, Байқоңыр туралы минисериал трейлер жанрында түсіріліп жатыр.
“Инфинити” сериалының түсірілімі 1 наурызда басталған. 14 аптаға жоспарланған түсірілім Қазақстан, Украина, Франция елдерінде өтеді. Сериал 6 бөлімнен тұрады. Бас рөлді Селин Саллет пен Данияр Алшынов сомдайды. Алшынов Исаак Тұрғын есімді қазақстандық полицейді ойнайды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram