“Украина дауысы” танымал ән байқауының іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен Сәуле Жұмабекова мен Александр Лим екінші кезеңнен шығып қалды. Жобада Қазақстан атынан енді Диляра Дидарқызы ғана қатысып жатыр.
Жоба ережесі бойынша екінші кезеңде әр тәлімгер тобындағы екі қатысушы бірге өнер көрсетуі тиіс. Тәлімгері сол екеуі арасынан үздігін таңдап, келесі кезеңге өткізеді.
Украиналық әнші Тина Карольдің тобында болған алматылық Сәуле Жұмабекова Никита Ломакинмен бірге бақ сынасып, “Earned it” әнін орындады.
Корольдің таңдауы отандасына түсті. Бірақ композиторлық өнерімен де танымал Сәулеге тәлімгері балаларға арнап бірге ән шығаруға ұсыныс білдіріп, серіктестікке шақырды. Айта кетсек, іріктеу кезеңінде Сәуле Жұмабекова Тина Карольмен бірге оның “Я все еще люблю” әнін орындаған еді.
Тағы бір қазақстандық Александр Лим екінші кезеңде украиналық орындаушы Алена Левашевамен бірге өнер көрсетті. Олар Тина Карольдің “Закрили Твої Очі” әнін орындады. Екеуінің тәлімгері Надежда Дорофееваның таңдауы Алена Левашеваға түсті.