Футболдан Әлем чемпионаты-2022 іріктеу кезеңінде Франция құрамасымен Қазақстан арасындағы алғашқы матч 28 наурыз Нұр-Сұлтанда өтеді.
ҚФФ сайтының хабарлауынша, «Астана Аренада» болатын ойын елорда уақытымен 19:00-де басталады. Алайда карантин режиміне байланысты ойын көрерменсіз өтеді.
Сондай-ақ, ойынға ұлттық чемпионатта бой көрсетіп жүрген бірқатар футболшы қатыспайтын болды. Олардың қатарында “ПСЖ” командасының танымал ойыншысы Килиан Мбаппе де бар. Франция лигасы мен клубы мұндай шешімге матчтан кейін футболшылар елге қайтып оралғанда бес немесе одан да көп күн карантинде жатпауы үшін олпрды Еуропалық Одақ пен Еуропалық экономикалық аймақтан тыс жердегі ойындарға жібермеуге бірауыздан келіскен.
Еске сала кетсек, 28 наурызда өтетін матч ӘЧ-2022 іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы үшін алғашқы ойын болады. Франция құрамасы қазіргі әлем чемпионы.