Қазақстандағы танымал Jokeasses тобының мүшесі Жандос Тұңғышбаев қызы Индира Ғаббасоваға сырға салды. Бұл туралы вайнердің болашақ жары instagram парақшасында бөлісті.
“Мен осы сәтті есте сақтағым келеді! Біздің туыстарымыздың бәріне көп рахмет айтқым келеді. Кейінгі бірнеше күн өте қызық және көңілді өтті”, — деп жазып, сырға салу сәтінен фото-видеолар бөлісті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Jokeasses-тік Жандос Индира Ғаббасовамен қарым-қатынасын 2018 жылдың соңынан бері жария ете бастаған. Содан бері жұлдыз жұп бірлескен фотосуреттерін белсенді түрде бөлісіп келеді. Биылғы қаңтарда Жандос Шымбұлақ тауының баурайында Индираға сөз салды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram